Мұнайдың апатты төгілуін жою

2012 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (№422) Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі суларына мұнайдың төгілуі мен оларға әрекет етуді ескерту бойынша Ұлттық жоспар бекітілген. Оның мақсаты – экологиялық ластануды тудыратын мұнайдың төгілуіне жедел, тиімді және сауатты әрекетті қамтамасыз ету және олардың нәтижелерін жою бойынша сәйкес операцияларды орындау.

Жалғыз қатысушы - "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰК тапсырыстарына сай, "KMG Systems & Services" ЖШС мұнайдың апатты төгілуін жою бойынша қызметтер және теңіз жұмыстарын жүргізу барысында қоршаған ортаны қорғау және МАТЖ бойынша өз инфрақұрылымын дамытуды жүзеге асырады. Берілген тапсырыстар аясында "KMG Systems & Services" ЖШС Каспий теңізінің Қазақстандық секторында МАТЖ бойынша өз күштерін қалыптастырады.

2014 жылдың 14 сәуірінде "KMG Systems & Services" ЖШС құрлық пен теңізде мұнай төгілуін, өздігінен ағатын ұңғымаларын, мұнай және газ қалдықтарын (бұрқақтарға қарсы жұмыстардан басқа), ұңғымалар консервациясын  болдырмау және жою бойынша жұмыстарға №14005072 мемлекеттік лицензиясын алды, сонымен қатар, МАТЖ қызметін іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық ресурстар мен білікті қызметкерлері бар.

2015 жылдың басынан "KMG Systems & Services" ЖШС "NRC Kazakhstan" ЖШС-мен бірлесіп "Тенгизшевройл" ЖШС үшін 2-ші деңгейлі мұнайдың апатты төгілуін жою және әрекет етуді қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсынады. Бұдан басқа, "KMG Systems & Services" ЖШС күшімен КТҚС-на теңіз жобалары үшін 1, 2 және 3 деңгейлі МАТЖ қызметтері көрсетіледі. Олардың қатысушысы «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК болып табылады.

2015 жылдың 18 мамырында «Сaspian Sea Support» ЖШС және бұрқақтарға қарсы күреске маманданған «Ақ Берен» әскери жасағының Атыраудағы бөлімшесінің арасында, STP-1 (МАТЖ 1, 2) кен орындары үшін 1, 2 деңгейлі мұнайдың апатты төгілуін жою мен әрекет етуді қамтамасыз ету бойынша және ашық мұнай және газ бұрқақтарын, 3 деңгейлі мұнай төгілуін жоюды жүргізу, теңіздегі апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС-не қызметтер көрсету мақсатында консорциумдық келісім жасалды.