Мұнайдың төгілуіне әрекет ету жаттығуын өткізу
2023 жылғы 07 Желтоқсан Ақтау қаласындағы «Өмірзақ» базасының МТЖ (OSR) қызметкерлері Ақтау портының жағалау аймағында мұнайдың төгілуіне қарсы тағы бір оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу, Кемені бункерлеу кезіндегі мұнайдың төгілуіне әрекет ету (мобилизациялау және әрекет ету) бойынша OSR қызметкерлерін тәжірибеден өткізу мақсатында өткізілді. Оқу-жаттығу кезінде теңізде OSR жабдықтары қолданылды: бондар, мұнай сүзгіші (мұнай алуды имитациялау) және мамандандырылған кемелер.