Серіктестер
Серіктестер
2019 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында, атап айтқанда Каспий теңізі аймағында ӘКК бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында "KMG Systems & Services" ЖШС және Griffon Swiss GmbH арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды№
"Veritas Marine" ЖШС (VM) - Қазақстанда негізделген теңіз кемесінің иесі және операторы болып табылады. Компания 2002 жылдың тамыз айында, ең бірінші мұнай-газ саласында қызмет көрсету үшін, кеме иесі ретінде құрылған және тіркелегн болатын. 2018 жылдың 31 мамырында "KMG Systems & Services" ЖШС мен VM келесі бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін өзара түсіністік туралы Меоморандумға қол қолйған болатын: Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай төгінділеріне қарекет ету қызметтері.
"RTServices Kazakhstan" ЖШС - Өндіріс және тұтыну қалдықтарын залалсыздандыру және қайта өндеу (мұнай қалдықтары шламы, бұрғылау кесінділері, сонымен қатар теңіздегі мұнай операциялары кезінде мұнай төгілуі кезінде) технологиялық кешені бар, RT Services ЖШС-нің Қазақстандағы өкілі болып келеді. 2018 жылдың 18 мамырында "KMG Systems & Services" ЖШС мен ТОО "RTServices Kazakhstan" ЖШС келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды: Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай төгінділеріне қарекет ету қызметтері; әртүрлі жүктерді тасымалдау қызметтері; спауда кеме қатынасы және мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы өзге қызметтер көрсету.
2017 жылдың 20 шілдесінде «KMG Systems & Services» ЖШС мен Griffon Hoverwork Limited арасында қызмет көрсету саласындағы талаптарды анықтау, жобалау, өлшеу, бақылау және ауа жастығындағы кемені пайдалану, «ҚазМұңайГаз» ҰК» АҚ және «KMG Systems & Services» ЖШС Қазақстан Республикасында қызметін дамытуға көмектесу мақсатында қызмет көрсету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2016 жылдың желтоқсанында KMG Systems & Services ЖШС мен Bluebird Aero Systems Ltd арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Консорциумның негізгі мақсаты жергілікті өндіріс қуаттарын құру және мұнайдың төгілуіне байланысты төтенше жағдайларды жою мен мұнай объектілерін қорғау саласында Қазақстан Республикасында ұшу аппараттары жүйесін енгізу болып табылады.
2016 жылы «KMG Systems & Services» ЖШС мен «NRC Қазақстан» арасында мұнайдың төгілуіне дайындық режимін, жабдықты жалға беруді, әрекет ету базаларын орнату мен қолдауды, инциденттерді жою мен басқаруды қоса алғанда, мұнай төгілуіне ден қою қызметтерін ұсыну туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2016 жылғы наурызда «KMG Systems & Services» ЖШС мен SWIRE ACILGENCY RESPONSE SERVICES (RTE) LIMITED арасында Қазақстан Республикасында және оның аумақтық суларында мұнайдың және қауіпті заттардың төгілуіне (OSR) әсер ету саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2015 жылдың 10 маусымында "KMG Systems & Services" ЖШС мен теңіз кемелеріне иелік ететін Briggs Environmental Services LTD (Briggs) келесі бағыттардағы жобалар үшін теңіз кемелерін жалдау мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды: Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай төгінділеріне қарекет ету қызметтері; әртүрлі жүктерді тасымалдау қызметтері; сауда кеме қатынасы және мұнай-газ саласы бойынша басқа да қызметтер көрсету.
Ennox Oil Solutions AS (Ennox) - Ennox Green Extract (EGX) көмегімен топырақтардан және барлық түрлерден тұратын қалдықтарды тазартуда, мұнай өнімдерін барлаудан және өндіруден, мұнай-химия саласындағы логистикалық операциялармен аяқталатын, қалпына келтіру технологиясының (Қалпына келтіру технологиясы) әзірлеушісі және лицензияры болып табылады. Қалпына келтіру технологиясын енгізу және тарату мақсатында мұнай-газ саласындағы қоршаған ортаны қалпына келтіру және Қазақстан республикасында мұнайдың төтенше төгілуі жағдайындағы іс-қимыл саласындағы өызметтерді ұсыну бойынша ықтимал ынтымақтастық шарттары бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға 2015 жылдың мамыр айында "KMG Systems & Services" ЖШС мен Ennox қол қойған болатын.
"Де Норшке Веритас Казахстан" ЖШС (DNV) - теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, есептелген тәуекелдерге негізделген теңізде мұнай төгілуіне дайындықты жоспарлау қызметтерін ұсыну бойынша Норвегиялық тәжірибеге негізделген тәуекелдерді бағалау, басқару және қауіп-қатерлерді басқарудың әлемдегі жетекші жеткізушілерінің бірі. "KMG Systems & Services" ЖШС және DNV, 2015 жылғы 5 ақпанында, теңіз қауіпсіздігін қатамасыз ету, сондай-ақ техникалық және іскерлік ынтымақсастықты кеңейту мақсатында бағалау, тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді басқару саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды.
2015 жылдың 4 ақпанында «KMG Systems & Services» ЖШС және Schneider Electric ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, бірлескен кәсіпорын құрды - «KMG Automation» ЖШС (KMGA). Жаңа бірлескен кәсіпорын жергілікті кадрларды қолдана отырып, Қазақстанның әр түрлі салалары мен ең алдымен мұнай-газ кешені үшін әлемдік деңгейдегі технологиялық процестерді автоматтандыру бойынша жобалар әзірлейді және жүзеге асырады. .