2013 жылдың ақпанынан бастап «KMG Systems & Services» ЖШС басқарушысы болып табылатын Солтүстік Каспий мұнай төгілуіне әрекет ету экологиялық базасы (СКМТӘЭБ) - Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мұнай операцияларын қолдау қызметтік инфрақұрылымының жалғыз стратегиялық объектісі, сонымен қатар, өз санатындағы мұнайдың апатты төгілуіне әрекет ететін жалғыз арнайы объекті болып табылады.
СКМТЭӘБ Приморский каналында Дамба ауылының оңтүстігінен 3,7 шақырымда орналасқан. Қызметтік пайдалануы бойынша база үш аймаққа бөлінеді: өндірістік, әкімшілік және көмекші.
Ғимараттар мен құрылыстар құрамы: гидротехникалық құрылғылар, өндірістік құрылғылар, әкімшілік ғимараттар, экология, метеорология құрылғылары, жануарларды құтқару орталығы, база тіршілігін қамтамасыз ету құрылғысы, ішкі және сыртқы желілер. СКМТЭӘБ -да еңбекке қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалған.