МАТЖ
Мұнайдың апатты төгілуін жою (МАТЖ)

Жалғыз қатысушы - "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰК тапсырыстарына сай, "KMG Systems & Services" ЖШС мұнайдың апатты төгілуін жою бойынша қызметтер және теңіз жұмыстарын жүргізу барысында қоршаған ортаны қорғау және МАТЖ бойынша өз инфрақұрылымын дамытуды жүзеге асырады.

2012 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (№422) Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі суларына мұнайдың төгілуі мен оларға әрекет етуді ескерту бойынша Ұлттық жоспар бекітілген. Оның мақсаты – экологиялық ластануды тудыратын мұнайдың төгілуіне жедел, тиімді және сауатты әрекетті қамтамасыз ету және олардың нәтижелерін жою бойынша сәйкес операцияларды орындау.

Жалғыз қатысушы - "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰК тапсырыстарына сай, "KMG Systems & Services" ЖШС мұнайдың апатты төгілуін жою бойынша қызметтер және теңіз жұмыстарын жүргізу барысында қоршаған ортаны қорғау және МАТЖ бойынша өз инфрақұрылымын дамытуды жүзеге асырады. Берілген тапсырыстар аясында "KMG Systems & Services" ЖШС Каспий теңізінің Қазақстандық секторында МАТЖ бойынша өз күштерін қалыптастырады.

2014 жылдың 15 сәуірінде "KMG Systems & Services" ЖШС құрлық пен теңізде мұнай төгілуін, өздігінен ағатын ұңғымаларын, мұнай және газ қалдықтарын (бұрқақтарға қарсы жұмыстардан басқа), ұңғымалар консервациясын болдырмау және жою бойынша жұмыстарға №14005072 мемлекеттік лицензиясын алды, сонымен қатар, МАТЖ қызметін іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық ресурстар мен білікті қызметкерлері бар.