2018 жылдың 3 қаңтарында «KMG Systems & Services» ЖШС, ҚТКФ және Республикалық жедел құтқару қызметінің Атырау филиалы арасында 1, 2 және 3 деңгейдегі МАТЖ қызметтерін бірлесіп көрсету үшін Консорциум туралы келісімге қол қойған болатын.
2018 жылғы шілде мен қыркүйек аралығында Консорциум мүшелері Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ЗТ-2 барлау ұңғымасын салу кезінде МАТЖ 1, 2 және 3 деңгейдегі мұнай мен газ ағындарын жою, теңіздегі авариялық-құтқару жұмыстары бойынша міндеттемелерін ойдағыдай орындады.