«KMG Systems & Services» ЖШС-ның 2017 және 2019 жылдар аралығындағы бөлек және/немесе шоғырланған қаржылық есептілігінің аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды қайта таңдау процедурасы туралы хабарландыру
27.12.2016

Тапсырыс беруші: «KMG Systems & Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, орналасқан мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Қонаев к-сі, 2-үй, электрондық мекенжайы: dosmakhanova@kmgss.kzwww.kmgss.kz, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №46/16 хаттама шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) елу немесе одан артық пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығы негізінде тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау ережесіне сәйкес «KMG Systems & Services» ЖШС-ның 2017 және 2019 жылдар аралығындағы бөлек және/немесе шоғырланған қаржылық есептілігінің аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды қайта таңдау процедурасының басталғанын хабарлайды

Сатып алу үшін бөлінген ҚҚС-сыз сома:

- 2017 жылға 13 655 400 теңге;

- 2018 жылға 15 020 940 теңге;

- 2019 жылға 16 523 034 теңге.

 

Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасына қатысу өтінішінің көшірмелерін әлеуетті Қатысушылардың өкілетті тұлғалары электрондық түрде немесе қағаз жүзінде төмендегі мекенжайдан ала алады: Астана қ., Есіл ауданы, Қонаев к-сі, 2-үй, 809-бөлме, бірақ алдымен Тапсырыс беруші мен Қатысушы құпиялық туралы келісімге қол қоюы керек.

 

Таңдау процедурасына қатысуға ниет білдірген әлеуетті Қатысушы Таңдау процедурасына қатысу өтінішінде көрсетілген мерзімде және сондай талаптарға сәйкес Қызметті көрсету туралы ресми байқау ұсынысын, сондай-ақ Қор тобына кіретін ұйымдардың кеңес беру қызметтерін іске тартқанда мүдделер қайшылығының алдын алу корпоративтік стандартына сәйкес Мүдделер қайшылығы туралы мәлімет бойынша жазба растама (әрі қарай – Ресми байқау ұсыныстары) өткізуі тиіс.

Қатысушылардың Ресми байқау ұсыныстары Тапсырыс берушіге жапсырылған күйі мына мекенжайға жеткізіледі: Астана қ., Есіл ауданы, Қонаев к-сі, 2-үй, 809-бөлме. Әлеуетті Қатысушылар немесе олардың өкілетті тұлғалары ресми ұсыныстарды қолға әкеліп өткізгенде, әлеуетті Қатысушылар немесе олардың өкілетті тұлғалары әлеуетті Қатысушының мүддесін білдіретін тұлғаларға ресми байқау ұсынысын өткізу құқығына сенімхат беріп, олар жеке тұлғаны анықтайтын құжат көшірмесін көрсетуі керек

Ресми байқау ұсыныстары салынған конверттерді өткізу мерзімінің басталуы: 2017 ж. «26» мамыр (9 сағат 00 минуттан 18 сағат 30 минутқа дейін, түскі ас 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін болады).

Ресми байқау ұсыныстары салынған конверттерді өткізу мерзімінің аяқталуы: 2017 ж. «09» маусым (9 сағат 00 минуттан 16 сағат 00 минутқа дейін).