2023 жылдың 26 сәуір күні Аташ кентінің жергілікті тұрғындары Балықшы жағалауындағы дақты байқап, жергілікті Әкімдікті хабардар етті. Тексеру барысында Балықшы айлағында дизель жанармайының төгілу іздері табылды. «КАНТА» кемесі төгілудің көзі ретінде көрінді. Дизель отыны кемеден шамамен 300 л. ағып кеткені анықталды.Төгілген зат тоқтатылды. NCOC МТЖ және KMG SS басшылары тәуекелді бағалауды жүргізгеннен кейін, МТЖ тобы МТЖ жабдықтары мен материалдарын жұмылдыруды бастады (сіңіргіш материалдар бум және FRC). «КАНТА» кемесінің айналасында және Балықшы жағалауында төгілуді тоқтату және дизель отынының теңіз бетіне таралуын болдырмау үшін бондық тосқауылдары орнатылды. Осы аталған жұмысқа KMG SS 8 қызметкері қатысты.