Ақтау қаласында МАТЖ бойынша еріктілерге арналған тренинг
МАТЖ бойынша волонтерлықты дамыту бағдарламасы аясында «KMG Systems & Services» ЖШС 2023 жылғы 6 мамырда Маңғыстау облысының жергілікті тұрғындарының қатысуымен мұнайдың төгілуіне әрекет етуді қамтамасыз ету бойынша 7-шы және 8-шы волонтерлар ағыны үшін тренинг өткізілді. Тренингке Ақтау қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қазіргі уақытта оқытылған волонтерлардың жалпы саны 100-ден астам адамды құрады. Тренинг Ақтау қаласында Өмірзақ кентіндегі мұнайдың төгілуіне әрекет ету базасында өткізілді