Атырау қ. СКМТӘЭБ базасында МАТЖ бойынша 9-шы волонтерлар ағыны үшін тренинг
МАТЖ бойынша волонтерлықты дамыту бағдарламасы аясында «KMG Systems & Services» ЖШС 2023 жылғы 20 мамырда Атырау облысының жергілікті тұрғындарының қатысуымен мұнайдың төгілуіне әрекет етуді қамтамасыз ету бойынша 9-шы волонтерлар ағыны үшін тренинг өткізілді. Тренингке Атырау қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қазіргі уақытта оқытылған волонтерлардың жалпы саны 113-тен астам адамды құрады. Тренинг Атырау қаласында Солтүстік Каспий Оперейтинг компаниясы (NCOC)өкілдерінің тікелей қатысуымен Дамба кентіндегі Солтүстік-Каспий экологиялық мұнайдың төгілуіне әрекет ету базасында (СКМТӘЭБ) өткізілді