Мұнайдың апатты төгілуін жою (МАТЖ) жаттығуын өткізу
2023 жылғы 10 тамызында Ақтау қаласындағы «Өмірзақ» базасының МАТЖ (OSR) қызметкерлері Ақтау портының жағалау аймағында мұнайдың төгілуіне қарсы іс-қимыл оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу мұнайдың төгілуіне әрекет ету (мобилизациялау және әрекет ету) бойынша OSR қызметкерлерін тәжірибеден өткізу мақсатында өткізілді. Оқу-жаттығу кезінде теңізде OSR жабдықтары қолданылды: қалқымалы резервуары 25m3 және мұнай сүзгіші 20 m3 (мұнай алуды имитациялау) және мамандандырылған кемелер.