2023 жылғы 18 тамызында Ақтау қаласындағы «Өмірзақ» базасының МАТЖ (OSR) қызметкерлері, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен қосылып Ақтау портының жағалау аймағында мұнайдың төгілуіне қарсы іс-қимыл оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу мұнайдың төгілуіне әрекет ету (мобилизациялау және әрекет ету) бойынша OSR қызметкерлерін тәжірибеден өткізу мақсатында өткізілді. Оқу-жаттығу кезінде теңізде OSR жабдықтары қолданылды: Бондар 250м, мұнай сүзгіші 20 m3 (мұнай алуды имитациялау) және мамандандырылған кемелер