KMG Systems & Services компаниясында комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында оқыту өткізілді
2025 жылғы 9 маусымда «KMG Systems & Services» ЖШС-нің конференц-залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи тәсілдері және комплаенс-мәдениетті дамыту» тақырыбында оқыту іс-шарасы өткізілді

Іс-шараға Серіктестіктің қызметкерлері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының өкілі және ҚМГ Комплаенс қызметінің өкілі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың өзекті тәсілдері, комплаенс-мәдениетті дамыту және күнделікті қызметке этикалық стандарттарды енгізу мәселелері талқыланды.