«KMG Systems & Services» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысқанын хабарлайды. Шара аясында ағымдағы жылдың 4 сәуірінде компания қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті. Жұмыс Приморск каналы мен Жайық өзенінің жағалауында жүргізілді. Сенбілікте аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қалдықтарды жинау және шығару жұмыстары ұйымдастырылды.


