"KMG Systems & Services" ЖШС және "Эко Маңғыстау" ҮЕМ МАТЖ кезінде еріктілерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда
"KMG Systems & Services" ЖШС еріктілердің назарына "мұнайдың апатты төгілуін жою операциялары кезінде жабайы жануарларды құтқару бойынша базалық білімді беру" бойынша оқыту бейнеролгін ұсынады. Аталған бейне "Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнайдың апатты төгілуін жлю кезінде еріктілер қозғалысын дамыту" жобасы аясында әзірленді. Бейнесабақтан сіз еріктінің жеке қауіпсіздік техникасы, еріктінің құқықтары мен міндеттері, мұнайдың жабайы табиғатқа төгілуінің әсері, сондай-ақ жабайы жануарларды құтқару операциялары кезінде еріктілердің қандай жұмыс түрлеріне тартылуы мүмкін екеіндігі туралы біле аласыз.

Еріктілердің жабайы жанураларды құтқару бойынша барлық операцияларға қатыса алмайтындығын түсіну керек, өйткені қауіпсіз және тімді жұмыс істеу үшін арнайы дайындық, сондай-ақ осындай операцияларға қатысу тәжірибесі қажет. Бұл бейнероликте ерікті қандай жұмыс түрлерін өз бетінше орандай алатыны, ал қайсысын тек сарапшылардың басшылығымен орындай алатыны атап өтілетін болады.