2013 жылы «KMG Systems & Services» ЖШС және Қашаған жобасы операторы арасында Солтүстік Каспий мұнай төгілуіне әрекет ету экологиялық базасын (СКМТӘЭБ) ұзақ мерзімге жалға беру туралы шарт жасалды.
СКМТӘЭБ негізгі міндеттері:
- Солтүстік Каспийге мұнай төгілу жағдайында әрекет ету орталығы (ең алдымен Қашаған кен орны);
- жануарларды сауықтыру орталығы, мұнда теңіздегі апатты жағдайлардан кейін арнайы контейнерлерде мұнаймен ластанған жануарлар әкелініп, тазартылып, сауықтырылады да, кейін қоршаған ортаға қайтарылады;
- тренинг-орталық, мұнда теңізге мұнай төгілген жағдайда жабдықтарды қолдану бойынша апат кезіндегі қызметкерлерді дайындау жүргізіледі;
- экологиялық және метеорологиялық мониторинг орталығы.