Солтүстік-Каспий мұнай төгілуіне әрекет ету экологиялық базасы (СКМТӘЭБ) бүгінгі күні Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымының жалғыз стратегиялық объектісі, сондай-ақ мұнайдың авариялық төгіндісіне әрекет ететін өз түріндегі жалғыз мамандандырылған объектісі болып табылады. СКМТӘЭБ нысаны Электрмен жабдықтаудың 1 санатына жатады, ол өз кезегінде электр энергиясының үздіксіз көзімен қамтамасыз етілуі керек.
Осыған байланысты, «KMG Systems&Services» ЖШС тұрақты даму саясатына сәйкес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2016 жылғы 24 мамырдағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты шеңберінде, қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету мақсатында, сондай-ақ СКМТӘЭБ электр энергиясымен тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету үшін серіктестік басшылығы Солтүстік-Каспий экологиялық жаңартылатын энергия көзін қосымша энергия көзі ретінде қарау және орнату туралы шешім қабылдады.
Осыдан кейін жаңартылатын энергия көздерінің бірнеше нұсқалары қарастырылып, СКМТӘЭБ Әкімшілік-тұрмыстық корпусының негізгі ғимаратын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 25кВт болатын Off-grid күн электр станциясын орнату туралы шешім қабылданды.
Күн электр станциясы 2019 жылдың 10 желтоқсанында орнатылды. Электр станциясы қуаттылығы 280 Вт болатын 90 сериялы біріктірілген монокристалды панельдерден тұрады. Күн электр станциясының жалпы номиналды қуаты 25,2 кВт. Бүгінгі таңда 2020 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша 38 МВт электр энергиясы өндірілді.